Ресей Қазақстан арқылы Қытайға газ жеткізуді жоспарлап отыр

159
Adyrna.kz Telegram
Сурет: Узтрансгаз
Сурет: Узтрансгаз

Ресей Қазақстан арқылы Қытайға газ жеткізудің жаңа бағытын қарастырып жатыр. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Александр Новак айтты, деп  хабарлайды «Адырна» тілшісі «Коммерсантъ»-қа сілтеме жасап.

«Әзірше біз бұл идеяны тек талқыланып жатырмыз»,—деді ол.

Шенеунік жоба іске асса, газ құбырының қуаты жылына 35 миллиард текше метрге дейін жетуі мүмкін екенін атап өтті.

Басылымның жазуынша, Ресей Қазақстан арқылы газ құбырын салудың бірнеше нұсқасын қарастырып жатыр.

«Алғашқысы — 2016 жылы кейінге шегерілген «Алтай» жобасын жандандыру. Бұған дейін ол Қытайдың батысына Ресей газын жеткізудің негізгі бағыты болып саналған еді. Бұл жағдайда Қазақстанға Павлодар, Абай және Қарағанды облыстарын газдандыру үшін газ құбырын салуға тура келеді. Екінші нұсқа – Қорғас аймағындағы Қытайдың Батыс-Шығыс газ құбыры жүйесіне қосылу арқылы Қазақстанның шығыс облыстары, оның ішінде Абай және Жетісу облыстары арқылы өтетін күрделірек бағыт. Үшіншісі — «Орталық Азия-Орталық» газ құбыры жүйесін кері режимге көшіру»,—делінген хабарламада.

Айта кетейік, бүгінде ресейлік газдың негізгі көлемі Қытайға «Сібір күші» газ құбыры арқылы келеді. Желтоқсан айында жоба 38 млрд текше метр толық қуатқа шығуы тиіс. Қазіргі таңда Мәскеу мен Пекин Моңғолия арқылы өтетін 50 миллиард текше метр сыйымдылығы бар осы газ құбырының екінші желісін құру туралы келіссөздер жүргізіп жатыр.

Пікірлер