«КЕЛ TALKLIKE» атты кездесу өтті

117
Adyrna.kz Telegram

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен қазіргі таңда өзекті мәселеге айналып отырған ерте жүктіліктің алдын алу және саналы да, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу мақсатында «Кел TALKLIKE» атты тақырыбында «Болашақ» колледжінде кездесу өтті.

Кездесуге жалпы тәжірбиелі акушер-гинеколог маманы Джургабаева Асем Ерболатовна, «Қоғамдық даму және психологиялық көмек көрсету» бөлімнің психолог маманы Өміртаева Жансая қатысты.

Мақсаты: жастар мен жасөспірімдер арасында өзекті мәселеге айналған ерте жүктіліктің алдын алу, жастардың адам тәрбиесі мен қоғам тәрбиесіне байланысты көзқарастарын дұрыс қалыптастыра отырып, болашақта ұрпақ қамын, ұлт тағдырын ойлайтын қоғамның мүшесі болуларына жағдай жасау, ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында түсініктеме беру.

Кездесуге қатысқан жастар, жасөспірім қыз балалардың денесінің дамуы, гигиенасы туралы дәрігерлер кеңесін тыңдап, тақырып төңірегінде толғандырған сұрақтарын қойып, арнайы мамандар қойылған сауалдарға жауап берді.

Пікірлер