Қызылорда облысында «Ақ жол» партиясының жаңа төрағасы сайланды

3637
Adyrna.kz Telegram

Қызылорда облысы бойынша «Ақ жол» демпартиясының есеп беру-сайлау конференциясы болып, оған аудандардан келген делегаттар мен барлық деңгейдегі депутаттар қатысты.

Конференцияның шешімімен осы уақытқа дейін облыстық филиалдың төрағасы қызметін атқарушы боп келген Бауыржан Сандыбаев филиалдың толыққанды төрағасы болып сайланды.


Бауыржан Тұрсымбайұлы – белгілі кәсіпкер, депутат, Қызылорда облыстық мәслихатының өндіріс пен кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы.

Сондай-ақ көпшілік дауыспен 15 адамнан тұратын филиалдың жаңа кеңесінің құрамы сайланды.


Филиалдың жаңа басшылығына табыс тілеп, 2018 жылдан бері филиалды басқарып, кәсіпкерліктегі қарбалас жұмысына байланысты өз еркімен өтініш білдірген бұрынғы төраға Жорабек Прмановқа алғыс білдірілді.

Сонымен қатар, конференция делегаттары «Ақ жол» демпартиясының ағымдағы жұмысын, Парламенттегі ұстанымын, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың барлық деңгейдегі депутаттарды Мәжілістің заң шығару қызметіне тарту жөніндегі бастамаларына партияның қатысуы және т.б. мәселелерді талқылады.

Жаңақорған ауданының бір топ кәсіпкерлері «Ақ жол» демократиялық партиясына ирригациялық құрылыстарды салуға көмектесіп, соның арқасында шаруашылықтар суармалы суға қол жеткізгені үшін Алғыс хат табыс етті.

Жиын соңында қайта қабылданған бірнеше ақжолдықтарға партия билеттері табысталды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Пікірлер