Ақмолада жүк пойызы ірі қара малды қағып кеткен

149
Adyrna.kz Telegram
Фото: None
Фото: None
Ақмола облысының Тасты – Талды – Баранкөл аралығында Арқалық – Қостанай бағытындағы жолаушылар пойызының машинисі теміржолда ірі қара малды қағып кеткен, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Машинист шұғыл тежеуді қолдануға мәжбүр болды.

"Соқтығысудың алдын алу мүмкін болмады, салдарынан 3 ірі қара малды қағып кетті. Пойыз 18 минутқа тоқтап қалды".Polisia.kz

Тексеру барысында Астана станциясындағы желілік полиция басқармасының қызметкерлерімен үй жануарларының иесі, Арқалықтың 54 жастағы тұрғыны екені анықталды. Ер адам темiржолдардың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Пікірлер