Ауғанстанда шенеуніктерге сұхбат беруге тыйым салынды

971
Adyrna.kz Telegram

Ауғанстанның шығысындағы Нангархар провинциясының билігі шенеуніктерге сұхбат беруге тыйым салынды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

РИА мәліметінше, Ауғанстандағы «Талибан» уақытша үкіметінің БАҚ бостандығына қарсы әрекеттері артып келеді.

“Бұл тыйым өте алаңдатады, өйткені Нангархар мұндай шектеулерді енгізген бесінші провинция”, – делінген хабарламада.

Провинцияның ақпарат және мәдениет департаментінің директоры Куреши Бадлун 12 қарашада ресми тұлғалар мен жергілікті БАҚ жетекшілеріне бұйрық туралы WhatsApp арқылы хабарлағаны мәлім болды. Сондай-ақ, Нангархар губернаторының орынбасары провинциядағы барлық шенеуніктерге енді жаңалықтарды тек жазбаша түрде бұқаралық ақпарат құралдарына беруді бұйырды.

Пікірлер