Баян Алагөзова "Қазақ аруына" қатысты пікір білдірді

1125
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Белгілі продюсер Баян Мақсатқызы “Қазақ аруы” байқауын сынағандарға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Прлюсер байқауды әділ өтпеді дегендерге жауап берді.

“Байқау біткеннен кейін түсінбеушілікке тап болдық. Адамдар әділ өтпеді, дауыс беру боты жұмыс істемеді деп жатыр. Дауыс берушілер саны өте көп болды. Telegram ресми парақшасының өзі бізге адамның көптігінен бот жүктеліп жатқанын хабарлады. Біз барлығын хаттамаға енгіздік. Дауыс беру ашық әрі өткені жайлы дәлел бар. Байқау өткен залда интернет дұрыс істемеді. Ондағы халық, яғни 700 адам дауыс бере алмады. Бірақ қалған 65 мың адам дауыс берді", – деп түсіндірді продюсер

Желідегі оқырман: "Байқау қалай әділ өтті?", "Бот жұмыс істемеді", "Алдын ала таңдалған ғой" делінген. Продюсер арулар байқауының арты үнемі дауға ұласатынын да ажсырмады.

“Осындай шараға қыруар ақша жұмсап, жеңісті біреуге алып беру бізге қызық емес. Ондаймен айналыспаймыз. Жеңімпаздарды сөкпейді. Адамдар неше түрлі пікір айтады. Байқаудың әділ өтпеуі бойынша жыл сайын маған айып тағылады. Бізде барлық дәлел, хаттама бар", – деді Алагөзова.

Биыл "Қазақ аруы - 2024" байқауында Қызылорданың тумасы Ақкербез Ысқаққызы жеңіске жетті.

Пікірлер