«Қазақфильмді» мемлекет қаржыландыруы мүмкін

1215
Adyrna.kz Telegram

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәжілісте "Қазақфильм" компаниясын мемлекет тарапынан тікелей қаржыландыру мәселесі заңнамалық тұрғыдан қаралып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы. 

Министр Қазақфильмнің жабылмайтынын айтты.

«Мен министр ретінде мұны ресми түрде жариялаймын. Бұл біздің тарихымыз. Кино мен кинематографияның дамуы Қазақфильммен тікелей байланысты. Сондықтан оны сақтау және дамыту – біздің ұрпақ ретінде міндетіміз», - деді Аида Балаева.

Мәдениет министрлігінің қазір Қазақфильмді тікелей қаржыландыруға құқықтық негіздері жоқ. Өйткені "Қазақфильм" дәл қазір кино түсіретін барлық продюсерлік компаниялар сияқты тең құқыққа ие.

«Біз бұл мәселені заңнамалық деңгейде реттеу үшін нақты шаралар қабылдап жатырмыз. Яғни, Қазақфильмнің тікелей қаржыландыру құқығы болатын норманы заңға енгіземіз. Қазір оның мұндай қаржыландыруға құқығы жоқ. Бұл уақыт еншісіндегі мәселе», - деді министр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясында 2 қарашада киногерлер мен кино ардагерлері бас қосып, қара шаңырақтағы мәселені билікке естіртуге тырысқан еді. 

Пікірлер