Атырау облысында газ өңдеу зауытының жұмысшылары Тоқаевқа үндеу жасады

959
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ulysmedia.kz
Фото: Ulysmedia.kz

Атырау облысы Мақат ауданы Кішкене елді мекені газ өңдеу зауытының жұмыскерлері президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ulysmedia-ға сілтеме жасап.

Олар өз үндеулерінде зауыт басшылығы заңсыз қудалап жатқанын айтуда.

"Қазақ елі, біз, Кішкене елді мекені, газ өңдеу зауыты Qazaq Constraction Group мекемесінде жұмыс жасайтын жұмысшылармыз. Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Кемеұлына үндеу жасаймыз. Біздің қояр талабымыз – Ескене газ өңдеу зауытына арнайы комиссия жіберуіңізді сұраймыз. Біздің айтар уәжіміз – Мақат ауданының әкімі, депутаттары және Qazaq Constraction Group басшыларымен бірлесіп ауыз жаласуда. Зауыттың аяқталу пайызын өтірік айтып, халықты, жұмысшыларды алдауда. Біз басшыларға уәжімізді айтсақ, жұмыстан адамдарды шығарып, қудалауда, – дейді жұмысшылар.

Олар бірауыздан кейбір басшылардың жұмыстан кетуін талап етіп отыр.

"Qazaq Constraction Group директоры Мақсат Қадырқұл мырза бізге 5 қазан күні жиналыс болып, директор Файзулла, зам Мұрәділ, начальник участка Нұрбек, СБ Алмат, Сайт менеджері Өтебаев Талғат, еңбек қатынасы Бекзат, отдел кадров Ляззат есімді басшыларды жұмыстан шығаруды уәде беріп, орындамады. Жұмыс орнында жүріп жұмысшыларға қысым көрсетуде. Біздің нақты талабымыз осы аталған адамдарды жұмыстан тез арада кетіріп, өзіңіздің арнайы комиссияңызды жіберуді талап етеміз", – дейді зауыт жұмысшылары.

Пікірлер