Журналистер одағының 65 жылдық ғұмыры

1312
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Қазақстан Журналистер одағының құрылғанына - 65 жыл. 1959 жылы 12 – 14 қарашадаөткен Қазақстан журналистерінің 1-съезінде Қазақстан журналистер одағы құрылған болатын. 2001 жылы сәуірде қайта тіркелді.

Қазақстан журналистер одағының тарихы өткен ғасырдың 20-жылдарынан бастау алады. Тұңғыш съез кезінде “Баспасөз туралы” деген тақырыпта баяндама жасалып, баспасөздің міндеттері айқындалды. Бұл кезде орыс тілінде 16, қазақ тілінде 12, ұйғыр тілінде 1 газет шығып тұрған. Съезд баспасөз қызметкерлерінің ұйымын құрып, оның Бүкілқазақстандық Орталық бюросын сайлады, төрағалығына Тұрар Рысқұловты бекіткен болады.

Қазір ҚР Журналистер Одағының Төрағасы - Матаев Сейітқазы Бейсенғазыұлы.

«Қазақстан Республикасы Журналистер Одағы» – азаматтардың ұлтына, діни ұстанымына, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердегі мүшелігіне қарамастан, қоғамның әлеуметтік, мәдени, экономикалық және басқа да актуалды проблемаларын шешуге, сондай-ақ мемлекеттің қоғамдық-экономикалық, саяси, мәдени процестерін БАҚ-тарда объективті және жан-жақты көрсеткісі келетін журналистердің қоғамдық бірлестігі.

ҚР ЖО – мемлекеттік және республикамыздың басқа да тілдерінде шығатын басылымдарға методологиялық және әдістемелік көмек көрсетеді, сондай-ақ, журналистика мен БАҚ-тарды дамыту мәселелеріне қатысты симпозиумдар, семинарлар, конференциялар өткізіп тұрады; Қазақстанда болып жатқан оқиғалар шетелдік баспасөзде толық және объективті түрде көрсетілу үшін шетелдік БАҚ өкілдеріне ақпарат алуға көмектеседі. БАҚ қызметкерлерінің тынығуын ұйымдастыруға қолдау көрсетеді.

Пікірлер