Кремль «Трамп пен Путин сөйлесті» деген ақпаратты жоққа шығарды

1081
Adyrna.kz Telegram

АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп пен Ресей басшысы Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті деген ақпарат шындыққа жанаспайды.  Мұндай мәлімдемені бүгін, 11 қарашада Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков жасады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Ешқандай әңгіме болған жоқ. Бұл жай ғана жалған ақпарат»,—деді ол.

Журналистер Кремльдің баспасөз хатшысынан: «Путин АҚШ-тың жаңа сайланған президентімен жақын арада қандай да бір байланыс орнатуды жоспарлап отыр ма?» - деп сұрады. Песков әзірге нақты жоспар жоқ екенін жеткізді. 

Бұған дейін «The Washington Post» газеті екі ел басшысының 7 қараша күні әңгімелескені туралы хабар жариялаған болатын. Шетелдік БАҚ Трамптың жағдай одан әрі өршіп кетпес үшін Путинді шара қабылдауға шақырғанын, оған «Вашингтонның Еуропадағы әскери күші» туралы ескерткенін жазған еді.

Пікірлер