Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры 2024 жылдың 9, 10 қараша күндері сағат 19:00-де Жүсіпбек Аймауытовтың «Сылаң қыз» атты музыкалық комедия жанрындағы қойылымының премьерасын көрермен назарына ұсынады.
ХХ ғасыр басындағы қазақ ауылының өмір шындығы мен ел тарихындағы әрқилы оқиғалар суреттелген сатиралық шығарма – «Сылаң қыз».
Автор шығармасында рухани мешеулікті шенейді, оқу-білімді дәріптейді. Қазақтың азаттығын, теңдігін аңсайды.
Пьесадағы тартыс- өткір, характерлер - әрқилы, әлеуметтік қайшылық-айқын, образдар - дара.
Комедиялық қойылымда нәпсі тұтқынындағы адамдардың мінін, мінезін әзілмен әжуалау арқылы адам бойындағы кемшіліктерден (оның сөзі, ісі, нәпсісі) арылу көзделген.
Жүсіпбек Аймауытовтың шығармасында өз заманының ғана емес, бүгінгі адамзат қоғамының да картинасы бар.