SAKEN QAIYRBERGENULY: АҚШ-тағы сайлауда кім жеңеді? Дауыс саны құбыла кетуі ғажап емес

1388
Adyrna.kz Telegram
Фото: Бейнеден алынған
Фото: Бейнеден алынған

АҚШ-тағы сайлауда кім жеңеді? Алғашқы сағаттардың санағы бойынша, америкалық сарапшылар Трамптың  ұпайы басым болады деген жорамалда, бірақ 2020  жылғы сайлауда да солай болған.

Red Mirage  деген шартты ұғым бар екен. Қызыл елес. Әдетте, республикалық партия өкіліне берілген дауыстар бірінші саналатын көрінеді. Демократтар - екінші кезекте. Оның үстіне, Пенсилвания сияқты тұрақсыз штаттарда, дауыс саны құбыла кетуі ғажап емес.

2020 жылы Трамп сол қызыл елеске елтіп, өзінің жеңгенін жариялап жіберген. Алайда, әр бюллетенді асықпай, мұқият әрі тиянақты саралайтын санақшылар сағын сындырған…

Бұл жолы нендей нәтиже болады? Асықпай, бақылайық.

Жеке пікір: сайлауды хабарлаудағы жергілікті медианың мүмкіндіктері таң қалдырады! Технологиялық тәсілдер, шұғыл анализ, интерактивті ақпарат тақталары, интернеттегі секунд ішіндегі дерек жаңарысы…енді, тәнті боласың!

Оның үстіне, ТикТок эфир бар! Бүкіл ТВ аудиторияны осы желіден тауып отыр.

 

Saken Qaiyrbergenuly

 

 

 

 

Пікірлер