Молдованның Майясы жеңіске жеткенін жариялады

975
Adyrna.kz Telegram
Сурет: euronews.com
Сурет: euronews.com

Молдованың іс басындағы презиендті Майя Санду президент сайлауының екінші кезеңінде жеңіске жетті. Бұл туралы елдің Орталық сайлау комиссиясы айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 55 пайызы Сандуды қолдаған. Ал елдің бұрынғы бас прокуроры Александр Стояногло 45 пайыз дауыс жинады.

«Молдова Еуропа тарихында бұрын-соңды болмаған шабуылға ұшырады. Дауысты заңсыз сатып алу, қылмыстық топтарды тарту мен фейк хабарламаларды тарату сынды әрекеттер қоғам нарызылығы мен қорқынышын тудырды. Десе де, біз жеңіске жеттік. Бірлігіміздің, демократиямыздың және болашаққа деген адалдығымыздың күшін бірге көрсеттік»,—деп пікір білдірді Майя Санду.

Айта кетейік, қазіргі президент Майя Санду 20 қазанда өткен президент сайлауының алғашқы турында 42 пайыз дауыспен ресейшіл Молдованың социалистік партиясының кандидаты Александр Стояноглодан басым түскен болатын. Бұған дейін басшы елдің Еуроодаққа бет бұрғанын қалайтынын мәлімдеген еді.

Еуропадағы ең кедей елдердің бірі саналатын Молдовада 3,02 млн сайлаушы тіркелген.

Пікірлер