Қалқыған қала. Қызылжардағы қолдан жасалған бөгеттен қайран болмады

1833
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Петропавл қаласының маңындағы ауылдарда су тасқыны жалғасуда, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеп.

Жергілікті тұрғындар мүліктерін, үй жануарлары мен малдарын сақтап қалуға бар күш-жігерін салып, құтқарушыларға көмектесіп жүр. Tілшілер солтүстіктегі жағдайды сурет арқылы жеткізді.

12 сәуір күні түсірілген фото суреттерде Есіл өзеніндегі су деңгейінің айтарлықтай көтерілгенін байқауға болады. Қолдан жасалған бөгеттер көмектеспеген.

Құтқарушылар мен көмекке жіберілген әскерилер қапшықтарға құм толтырып, судан төнген қауіпті сейілтуде.

Аймақтағы бау-бақша мен саяжайлар су астында қалып қойған. Тұрғын үйлер мен алаңдарды су басқан.

Фото суреттерде тұрғындардың жабырқаулы жүзінен үмітсіздік, ашу мен ыза байқалады. Олар үй жануарларын қауіпсіз жерге көшіріп, эвакуациялаған. Сиырды эвакуациялаған тұрғындардың бірі айналаны суретке түсірген тілшілерді көріп, ашуланған көрінеді.

Ал тұрғындар жергілікті шенділердің осыдан 7 жыл бұрынғы топан судан сабақ алғанында бүгінгі су тасқынын болдырмауға болатынын айтады.

Сәуірдің 12-сі күнгі жағдай бойынша аймақтағы жолдар су астында қалған. Аумақта үрлемелі қайығы бар құтқарушылар кезекшілікте тұр.

Ал 13 сәуірде Тепличныйдағы жағдай ушыққан. Себебі өңірдегі үйлер төбесіне дейін су астында қалды.

Өзін Светлана деп таныстырған ауыл тұрғыны:

"Ол жерде менің күшігім суда қалды", - деді.

Одан бөлек Қызылжар қаласында су қарқынды.

«Петропавл қаласы бойынша қазір ахуал өте қиын. Барлық жерде су қарқынды деп айтуға болады. Есіл өзенінің деңгейі көтеріліп, қорғаныс бөгеттері мен басқа да қорғаныс құрылымдарын бұзып кетті. Десе де дәл қазір жеке құрамнан үш мыңнан астам адам мен техникалар жұмылдырылды. Подгора ауданында 1300-ден адам тұрады. Оның ішінде шамамен 600-ден астам адам алдын ала эвакуацияланды. Мұнда Төтенше жағдайлар министрлігі, Полиция департаменті және жергілікті атқарушы органдар  жұмыс істеп жатыр. Жедел штаб құрылды. Петропавл қаласы бойынша он үш эвакуациялық пункт құрылды, - деді СҚО ТЖ департаментінің бастығы, полковник Ерік Сарыбаев.

Пікірлер