“Өтірікті де сендіріп айту керек” - сұхбат

2646
Adyrna.kz Telegram

"Адырна" ұлттық порталында жаңа сұхбат жарияланды.

Сұхбаттың кезекті қонағы - Қазақстанның халық әртісі, сахна патшасы Асанәлі Әшімов.

Бұл сұхбатта театрдың бүгінгі жағдайынан бастап, салт-дәстүр, дін және жастардың қазақ тіліне деген көзқарасы туралы терең ой қозғалды. Асанәлі ағамыз сахна өнерінің мән-мағынасы, актерлік шеберлік және бүгінгі актерлердің дәрежесі жайлы өз пікірін білдірді.Әңгіме барысында оның қызығушылықтары, жақын достары, театрдағы жарқын сәттері мен көрермендердің қошеметі жайлы естеліктері сөз болды.

Сонымен қатар, жастарға театрдың маңыздылығы, рухани байлық және өнердің жан тазартар күші туралы. Ұлы Абай шығармаларын оқып, оның рухани күйзелістері жайлы пікірін білдіреді, сондай-ақ жалғыздық тақырыбында толғанады. Қазіргі тойлардың шынайы мәнін жоғалтып, шоуға айналып бара жатқаны туралы, Сталин жайлы, абыройдың қазіргі қоғамдағы орны, және Төлеген бейнесі туралы да сыр шертеді. Ақырында, өмірлік серігі жайлы айтып, жастарға сенім мен кеңесін қалдырады. Асанәлі Әшімовтің өмірге, өнерге деген көзқарасы мен терең ойлары сіздерге рухани азық болары сөзсіз!

Пікірлер