Тоқаев Назарбаевтың мемлекеттік қызмет туралы жарлығын өзгертті

1064
Adyrna.kz Telegram
Фото: elbasy.kz
Фото: elbasy.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2015 жылы экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған «Мемлекеттік қызметтің кейбір мәселелері туралы» жарлыққа өзгерістер енгізді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

«Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: ротация жүргізу қағидалары мен мерзімдерінде, ротациялауға жататын мемлекеттік қызметшілердің жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген санаттары мен лауазымдарында: 6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» мемлекеттік саяси қызметшілерге және «А» корпусының қызметшілеріне, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне (бұдан әрі – осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген, басқа елді мекенге ротацияланған «Б» корпусының қызметшілері) ротациялық төлемдер белгіленеді», - деп жазылған Жарлықта.

Құжатта «Б» корпусы қызметшілерін ротациялау олар соңғы атқаратын лауазымына тағайындалған күннен бастап төрт жыл сайын жүргізілетіні айтылған.

«Бұл ретте «Б» корпусының қызметшілері мемлекеттік орган қайта құрылғаннан кейін, лауазымдардың құрылымы өзгерсе не атауы өзгергенге дейін атқарған лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес келетін лауазымдарға тең мәндегі лауазымдарға қайта тағайындалған кезде көрсетілген мерзім қайта басталмайды», - делінген құжатта.

Сондай-ақ, «Б» корпусының қызметшісі лауазымынан өз еркімен босатылған кезден бастап бір жыл ішінде не өзге лауазымға орналасуына байланысты бұрын атқарған лауазымына тағайындалған жағдайда ротация жүргізу мерзімінде бұрын жұмыс істеген кезең ескерілетіні айтылған.

Бірақ «Б» корпусы қызметшісінің әлеуметтік демалысқа шығуына немесе еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты, Қазақстанның мемлекеттік органдарына, шет елдердегі мекемелеріне және өзге де ұйымдарға іссапарға жіберілуіне байланысты қатарынан екі айдан астам жұмыста болмаған кезеңі ротация жүргізу мерзіміне кірмейді.

«Б» корпусы қызметшісі ротациядан жазбаша түрде бас тартқан жағдайда оның осы лауазымда болу мерзімі екі жылға ұзартылуы мүмкін не «Б» корпусының қызметшісі атқаратын лауазымынан босатылады, не өзінің келісімі бойынша ғана бос тұрған лауазымға төмендетіледі.

«Б» корпусы қызметшісінің атқаратын лауазымында болу мерзімін екі жылға ұзартуға шешімін ұлттық комиссия мен Үкімет, Парламент Аппараттарының уәкілетті тұлғалары, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган қабылдай алады.

Пікірлер