Дауыс беру бюллетеньдерін артық бергені үшін мұғалімге айыппұл салынды

155
Adyrna.kz Telegram
Фото:kun.uz
Фото:kun.uz

Өзбекстанның Ферғана облысы Дангарин ауданының қылмыстық істер жөніндегі соты жергілікті тұрғынға сайлау туралы заңнаманы бұзғаны үшін айыппұл салды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Uznews.uz сайтына сілтеме жасап.

Мұғалім А. М. 27 қазанда өткен Өзбекстан парламенті мен жергілікті кеңестерді сайлауда учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі болып жұмыс істеген. Ол сайлау кезінде уақытты үнемдеу үшін бір азаматқа төрт бюллетеньнен артық беріп, оның басқа адамдардың да атынан дауыс беруіне мүмкіндік берген.

Сот отырысында А. М. кінәсін толық мойындады. Сот оны Өзбекстанның әкімшілік жауапкершілік кодексінің 51-10-бабы («Сайлау бюллетеньдерін беру тәртібін бұзу») бойынша құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Мұғалімге базалық есептік көрсеткіштің бір мөлшері — 375 мың сум (29 доллар) көлемінде айыппұл салынды.

Пікірлер