40 минуттай кезекте тұрды. Байден президент сайлауына алдын ала дауыс берді

1413
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

АҚШ президенті Джо Байден АҚШ-тағы президент сайлауына мерзімінен бұрын дауыс берді. Ол дауыс беру алдында шамамен 40 минут кезекте тұрған. Бұл туралы шетелдік БАҚ беттері жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“CBC News” мәліметі бойынша, Байден Уилмингтон қаласының маңында, Делавэр штатында дауыс берген. Ол демалыс күндерін осы қалада өткізіп, кейін Ақ үйге оралған.

«Кел, дауыс берейік», – деген Байден америкалықтарды сайлауға қатысуға шақырды.

Ол дауыс беру орнына өтіп бара жатып, сайлаушылармен амандасып, Сенатқа штат атынан өкіл болуға үміткер, Өкілдер палатасының мүшесі Лиза Блант Рочестермен бірге болды.

Айта кетейік, АҚШ президентінің сайлауы 5 қарашада өтеді, онда президенттікке демократтардан Камала Харрис пен республикашылдардан Дональд Трамп бақ сынайды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Пікірлер