АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының Адам құқықтары жөніндегі комиссиясының теңтөрағасы, демократ Джеймс Макговерн Ақ үй басшысы Дональд Трамптың Ресей президенті Владимир Путинмен Аляскада өткен кездесуін қатаң сынға алды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Трамп Америка жерінде әскери қылмыскерді қызыл кілеммен қарсы алды. АҚШ үкіметі Путинді қабылдаудың орнына тұтқындауы керек еді. Бұл – масқара және ұят»,—деді ол X-тегі парақшасында.
Айта кетейік, Аляска тұрғындарының саммитке қатысты пікірлері екіге бөлінді. Келіссөздер үш сағатқа жуық уақыт жүріп жатқан әскери базаның маңына Украинаға көмек көрсетуді жақтаушылар да, Трамптың саясатын қолдаушылар да жиналып, митинг өткізген.
Ұқсас жаңалықтар