Қазақстан президентін Моңғолия сыртқы істер министрі қарсы алды

352
Adyrna.kz Telegram
Сурет: Ақорда
Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Ухнаагийн Хурэлсухтың шақыруымен Моңғолияға мемлекеттік сапармен барды. Бұл туралы бүгін, 28 қазанда Ақорданың баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ұлан-Батыр әуежайында еліміздің делегациясын Моңғолияның Сыртқы істер министрі Батмунхийн Батцэцэг қарсы алды.

Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер, сондай-ақ бірқатар маңызды құжатқа қол қою жоспарланып отыр.

Айта кетейік, бұл мемлекеттік сапар Қазақстанның тұңғыш президентінің 2008 жылғы сапарынан кейін 16 жыл өткен соң жүзеге асырылуда.

Пікірлер