«Орыстан - украинға». Елімізде ұлтын ауыстырғандар қатары артты

360
Adyrna.kz Telegram
Фото: tengrinews.kz
Фото: tengrinews.kz

Соңғы төрт жылда 12 мыңнан астам қазақстандық ұлтын өзгертті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Paryz.kz-ке сілтеме жасап.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше,  ұлтын өзгерту бойынша ең көп өтініш 2022 жылдың сәуірі мен 2023 жылдың тамызы аралығында болған.

Жеке басын куәландыратын құжаттарда ұлтын өзгерткісі келгендер саны:
2021 жылы – 3254 адам;
2022 жылы – 3363 адам;
2023 жылы – 3366 адам;
2024 жылы (осы күнге дейін) – 2158 адам.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 19-бабының 1-тармағына сәйкес әркім өзінің ұлттық, партиялық және діни ұстанымын айқындауға және көрсетуге немесе көрсетпеуге құқылы. Бұл норма құқықты, яғни адамның өзінің ұлттық ерекшелігін анықтауға және көрсетуге байланысты субъективті мүмкіндіктерін бекітеді»,—деп түсіндірді министрлік. 

Қазақстан азаматының ұлты ата-анасының бірінің ұлты бойынша анықталады. Ата-аналардың ұлты әртүрлі болған жағдайда оны анықтаудың арнайы тәртібі қолданылады. Яғни, баланың қалауы бойынша әкесінің немесе анасының ұлтына сәйкес, оған жеке куәлік және паспорт беру кезінде айқындалады.  Кейін ұлтты бір рет ата-ананың қай бірінің ұлтына өзгертуге болады. 

Ресми мәліметке сүйенсек, қазақстандықтар арасында ұлтын “орыстан" "неміске" – 743, "өзбектен" "қазаққа" – 354, "орыстан" "украинға" – 300, "украиннан" "орысқа" – 246, "орыстан" "қазаққа" – 118  адам ауыстырған.

Айта кетейік, ұлтын өзгерту туралы шешім екі жұмыс күні ішінде шығарылады.

Пікірлер