Мемлекет басшысы Аустрия президентіне жеделхат жолдады

422
Adyrna.kz Telegram
Фото: dzen.ru
Фото: dzen.ru

Мемлекет басшысы Аустрияның Федералдық президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Ван дер Белленді Аустрия Республикасының ұлттық күнімен құттықтады.

Мемлекет басшысы өз жеделхатында екі ел арасындағы ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар бірлескен күш-жігер арқылы Қазақстан мен Аустрияның ықпалдастығы қос халықтың игілігі үшін беки түсетініне сенім білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Ван дер Белленге және Аустрия халқына құт-береке тіледі.

Пікірлер