Депутат ТЖ министрінің жұмысына "минус бес" деген баға берді

1112
Adyrna.kz Telegram
Фото: ҚР Үкіметі
Фото: ҚР Үкіметі

Мәжіліс отырысында депутат Ажар Сағындықова Төтенше жағдайлар министрін сынады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Министр Шыңғыс Әріновтің жұмысын сынға алды.

"Бүгін мен сіздің министрлігіңіздің жұмысын бағалағым келеді. Бірақ 0-ден 5-ке дейін емес, минус 0-ден минус 5-ке дейін. Минус 5, өйткені өртте адамдар өліп жатқанда, қызметкерлеріңіз өлім құшып жатқанда, министрлік нөлдік деңгейде жұмыс істеп жатыр. Сіздердің міндеттеріңіз – адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету", - деді депутат Сағындықова.

Төтенше жағдайлар министрі өзіне қойылған бағаны қабылдағанын айтады.

"Бірақ мен туралы айтпағанда, вице-министрден бастап қатардағы жауынгерге дейін, біздің қызметкерлер, әскери қызметшілер күндіз-түні өз міндеттерін орындайды және менің ойымша, олар міндетін толық орындап жатыр. Біздегі мәселелерге қарамастан, 30 жылдық жүйеге қарамастан, олар осы майданда жеңіске жетіп жатыр, әлі де нәтиже береді. Барлық қиындыққа қарамастан, біз бәрібір нәтиже беріп жатырмыз. Мен мұны жігіттердің, адал қызмет ететін жауынгерлердің жеңісі деп санаймын. Сондықтан мереке қарсаңында оларға мұндай баға алу жағымды болады деп ойламаймын", - деп жауап берді Әрінов.

Пікірлер