«Соңғы шешім қабылданды». Жұманғарин сағат белдеуін өзгерту туралы айтты

893
Adyrna.kz Telegram
фото: Kyzylorda News
фото: Kyzylorda News

Бүгін үкіметте өткен баспасөз мәслихатында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин елдегі бұрынғы уақыт белдеуін қайтару туралы айтты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Оның айтуынша, шешім қабылдаудың белгілі бір ережелері бар.

«Үкімет шешім қабылдағанда үнемі мемлекеттік референдум өткізудің қажеті жоқ. Бұл үшін алқалы орган бар. Бұл жағдайда қажет зерттеулер жүргізіліп, шешім қабылданды. Осыдан кейін, нормативтік-құқықтық актілер аясында өтініш түсіп, барлық оң және теріс жақтары тиісті топтарда қаралып, соңғы шешім қабылданды», - деді Серік Жұманғарин.

Ол бұл мәселені қысқа мерзімде емес, орта мерзімді перспективада зерттеп, оның қандай әсер ететінін анықтауды ұсынды.

«Енді Үкімет бұл мәселені көтеріп, қайталап түсініктеме беруді көздеп отырған жоқ. Егер біз әр кезде регламенттен ауытқып кететін болсақ... Шешім болды, петиция қаралды, шешім расталды. Менің ойымша, бұған тоқталу керек», - деп түйіндеді сөзін Серік Жұманғарин.

 

Пікірлер