Қайрат Сатыбалдының анасы өмірден өтті

901
Adyrna.kz Telegram

Қайрат Сатыбалды мен Самат Әбіштің анасы Светлана Назарбаева 77 жасында қайтыс болды. Суыт хабар жайлы @yedilovonline телеграм-арнасының авторы Ербол Еділов жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Светлана Мырзахметқызы Назарбаева 77 жасында дүниеден озды. Орны толмас қайғыға байланысты марқұмның жақындары мен туыстарына көңіл айтамын. Иманы саламат болсын!»,- деп жазды ол.

Айта кетейік, Светлана Назарбаева – экс- президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісінің жұбайы, Қайрат Сатыбалды мен Самат Әбіштің анасы. Сондай-ақ "Дәуір" баспасының бас директоры.

Пікірлер