Молдовадағы референдумда еуропалық интеграция жақтаушылары жеңіске жетті

765
Adyrna.kz Telegram
Фото: DW
Фото: DW

20 қазан күні Молдавада өткен референдумда азаматтар еуроинтеграцияны жақтады. Олар аз ғана басымдықпен жеңіске жетті. Бұл туралы Euronews жазды, деп хабарлайдя ”Адырнс” ұлттық порталы.

Молдова президенті жексенбі күнгі референдумда бюллетеньдердің 58 пайызы өңделген соң елдің ЕО-ға кіруіне қарсы дауыстардың басым болуының себебі сайлаушылардың көбі сатып алынған деп түсіндірді. Одан кейін хаттамалардың 98,11 пайызы саналып, еуропалық интеграцияны қолдайтындар мен қарсылар тең түскені жарияланды. Ал бюллетеньдердің 100 пайызы өңделгенде еуропалық интеграцияны жақтаушылардың жеңіске жеткені белгілі болды.

Молдова президенті Майя Санду жексенбі күнгі референдумда сайлаушыларды сатып алу болғанын мәлімдеп, «бостандық пен демократияға бұрын-соңды болмаған шабуыл» жасалғанын айтты. Мемлекет басшысының айтуынша, «қылмыстық топтар» 300 мың дауысты - барлық тіркелген сайлаушылардың 10%-ын сатып алған.

«Кейбіреулер өз дауыстарын сатып жіберді. Кез келген демократиялық елде адамдардың көзқарасы әртүрлі, бұл қалыпты жағдай. Бірақ қылмыстық топтардың сайлаушыларды сатып алуы қалыпты жағдай емес. Мен қылмыстық топтарды Молдова сайлаушыларының дауысын сатып алу үшін арам ақша пайдаланды деп айыптаймын», - деді Майя Санду.

Майя Санду бұл қылмыстық топтардың нақты кім екенін атамады. Молдова оппозициясы Майя Санду өзінің мәлімдемелеріне дәлел келтірмегенін айтты. Ал ЕҚЫҰ-ның халықаралық бақылаушылары өз кезегінде учаскелерде дауыс ұрлау фактілерін тіркемегенін, бірақ «манипуляциялық араласу», жалған ақпарат науқандары және саяси күштерді заңсыз қаржыландыру туралы әртүрлі фактілер болғанын атап өтті.

Пікірлер