«QAZBILIM» ұлттық лицейлері ҰБТ-ға дайындалуға арналған тегін онлайн сабақтар өткізеді

179
Adyrna.kz Telegram
Фото: dknews.kz
Фото: dknews.kz

«QAZBILIM» ұлттық лицейлері ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалуға арналған онлайн тегін сабақтарды өткізеді. Бұл туралы «QAZBILIM GROUP» компаниясының басқарма төрағасы Аятжан Ахметжанұлы айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Өткенде біліммен қайырымдылық жасайық, ҰБТ-ға, Назарбаев зияткерлік мектептеріне ақылы дайындала алмайтын баллар үшін тегін қолдау мақсатында әр күні 20:00-де YouTube арқылы тегін видео сабақтар өткізетініміз туралы жазып едім. Сол мақсатта сабақтарымызды ресми бастадық.

Құрметті түлектер, «QAZBILIM» ұлттық лицейлері желісінің ұйымдастыратын ҰБТ-2025 ке дайындық тегін тікелей эфирінің осы аптадағы кестесін назарларыңызға ұсынамыз:

21 қазан, дүйсенбі, Қазақстан тарихы - Ынтымақ Амангелдіұлы

 22 қазан, сейсенбі, математикалық сауаттылық- Әсет Қанатұлы

23 қазан, сәрсенбі, оқу сауаттылығы - Қалжан Кенжебекқызы

24 қазан, бейсенбі, математика - Жандос Бағдатұлы

25 қазан, жұма, физика - Аягөз Айткалиқызы»,—деп жазды ол.

Сабақтар “QAZBILIM TV” YouTube арнасының тікелей эфирінде өтеді.

Пікірлер