Дина Елгезек: Қазақ орыс үшін жаралған ұлт!

5020
Adyrna.kz Telegram

Әлі "тірі" екенсіңдер ғой... Билік берсе, 86-дағыдай әлі де басымызды күрекпен шабуға дайын екенсіңдер. Сендер үшін бұ қазақ не істемеді? Экономикалық Одақ құрып берді. Ассамблея ашып берді. Коммунистерің Парламенттің төрінде отыр. Туыстарың бүкіл стратегиялық маңызды орындарда отыр бастық болып. Құжаттар түгел ресми сендердің тілдеріңде. Президент тек сендердің тілдеріңде мемлекеттік жиындарды өткізеді. Бүкіл билік сендердің тілдеріңде ғана сөйлейді. Сендер үшін бүкіл көшедегі жазулар орыс тілінде жазылады. Сендер үшін бүкіл ТВ мен газеттің жартысы орысша шығады. Сендер үшін қазақ сайттарынан гөрі орыс сайттарына ақша он есе көп бөлінеді. Сорлы қазақ журналистері тілемсек болып жүре берсін, тек сендер арыз айтып, сендер ашуланып, сендер билік туралы жаман жазбасаңдар болды. Сендер үшін орыс мектептері мен орыс драма театрлары бар. Сендер үшін НПЗ-ларды модернизациядан өткізбейміз. Ойбай-ау, әйтпесе сендердің бензиндеріңді кім алады? Сендерің имперлік - экономикалық мүдделерің тұрғанда, қазаққа не жорық? Еуразиялық Одақтың бүкіл талаптарын сендердің икемдеріңе жасаймыз. Сендер үшін Петропавл мен Павлодардың атын ауыстырмаймыз. Желтоқсанда бауырларымды күрекпен ұрып, тең жартысын майып қылған шовиктерің арамызда әлі жарқырап жүр. Түк болмағандай... Бәрі сендердің қамдарың үшін. Қазақ орыс үшін жаралған ұлт. Сендерсіз өліп қаламыз. Ееее... Бұлар не қып астыртын Тәжинге шүйлігіп, "заказной" материалды көбейтіп жіберді десем.... Әрине шовинистерге "Руxани жаңғыру" секілді ұлттық мемлекет құруға негіз болатын мемлекеттік бағдарламалар ұнамайды. Әрине тариxымызды түгендейтін "Ұлы даланың жеті кереметіне" шүйлігесіңдер. Әрине қазақтың латын әліпбиіне өтуіне жандарыңмен қас боласыңдар. Және әрине мұндай ұлттық бағдарламалардың бастауында тұрған тұлғаға өшсіңдер. Сендерге идеологияның басында шовинистерге жақындау басқа біреудің келгені керек. Қайта-қайта Маратты "шұқып" жүргендерің сол... Сендер үшін жұмақ өмір жасап қойсақ та, орманға қарап ұлыйсыңдар...

Дина ЕЛГЕЗЕК
"Адырна" ұлттық порталы
Пікірлер