Алматыдағы Түрксіб ауданының бюджеті биыл 23,5 млрд теңгеге дейін өсті

121
Adyrna.kz Telegram

Алматыдағы Түрксіб ауданының экономикасы тұрақты әрі серпінді дамып отыр. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесу барысында айтты. Қала басшысының айтуынша, негізгі капиталға салынған инвестиция 9 айдың ішінде 21%-ға, оның ішінде жеке инвестиция 27%-ға өскен. Барлығы 150 млрд теңге инвестиция тартылды.

«Ауданда жұмыс істеп тұрған бизнес субъектілерінің саны 7,8%-ға өсті. Бүгінгі күні ауданда 29 мыңнан астам бизнес субъектісі белсенді жұмыс істеп жатыр, бұл салық түсімін 164 млрд теңгеге дейін ұлғайтуға, сондай-ақ 3,5 мың жаңа тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді», - деді Ерболат Досаев.

2024 жылы ауданның бюджеті өткен жылмен салыстырғанда 4 есе ұлғайды. Мәселен, 2023 жылдың басында бюджет 5,4 млрд теңге болса, 2024 жылдың басында ол 21,3 млрд теңгеге жетті.

2024 жылдың маусымында аудан бюджеті тағы 9%-ға өсіп, 23,5 млрд теңгеге жетті, бұл инженерлік және жол инфрақұрылымын жаңғыртуға, сондай-ақ қоғамдық кеңістіктерді көріктендіруге бағытталған жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік берді, деп атап өтті Алматы әкімі.

Айта кетейік, Алматы қаласының экономикасында жалпы жоғары инвестициялық белсенділік байқалады.

Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға 1 133 млрд теңге инвестиция тартылып, өсім 8,1% болды. 2024 жылдың басынан бері жергілікті бюджетке түсім 27,2%-ға өсті, бұл «Алматыны дамыту бағдарламасы 2025 жылға дейін және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективасы» аясында басым жобаларды қаржыландыруды ұлғайтуға мүмкіндік берді. 2024 жылдың басынан бастап Алматының бюджеті 204,5 млрд теңгеге көбейіп, 1 828,5 млрд теңгеге жетті.

Пікірлер