ESG қағидаттарын енгізу: Қазақстан мен ЕО арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңі

951
Adyrna.kz Telegram

2024 жылғы 17 қазанда Брюссельде өткен Берлин Еуразиялық клубының (БЕК) 41-ші отырысында «Қазақстан мен ЕО/Германия арасындағы экономикалық ынтымақтастықта ESG қағидаттарын сақтау» мәселесі талқыланды,деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Отырыста қазақстандық және еуропалық мемлекеттік органдар, бизнес және қаржы институттарының өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Германия Федералдық Канцлері Олаф Шольцтың Астанаға сапары нәтижесінде екі ел арасындағы іскерлік серіктестіктің нығайғанын атап өтті. Сапар барысында 41 құжатқа қол қойылғаны хабарланды.

Василенко еуропалық әріптестерді Қазақстан экономикасына экологиялылық қағидаттарын ескере отырып инвестицияларды арттыруға шақырды. Қазақстан 2060 жылға қарай климаттық бейтараптыққа жетуді стратегиялық мақсат етіп отыр.

Еуропалық Комиссия өкілі Сирил Луазель Қазақстанның жасыл сутек өндірісі жобаларын және жаһандық метан уәдесіне қосылуын қолдады. Отырыста электр желілерінің өзара байланысын дамыту қажеттілігі де аталып өтті.

Талқылауға Қазақстанның Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев, БЕК Консультативтік кеңесінің төрағасы Питер Тильс және басқа сарапшылар қатысты. ESG қағидаттарына негізделген тұрақты бизнеске көшу экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруда маңызды рөл атқаратыны атап көрсетілді.

Пікірлер