Санкция құрсауында қалған Ресей Қазақстаннан ұшақ сұрады

1424
Adyrna.kz Telegram
Фото: antipotok.ru
Фото: antipotok.ru

АҚШ пен Батыс санкциясының құрсауында қалған Ресей өзге мемлекеттерден ішкі рейстерін ұйымдастыруға көмек сұрады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ресейлік әуе компанияларының ішкі рейстерге ұшағы жетпей жатыр. Осыған байланысты Ресейдің көлік министрі Роман Старовойт Қазақстанның әуе компанияларын Ресейдегі ішкі рейстерге тарту мақсатында келіссөз жүріп жатқанын хабарлады.

«Каботаждық тасымалдауға рұқсат беруге ішкі рейстерді орындайтын ұшақ тапшылығы себеп», – деп түсіндірді Старовойт. Ол Қазақстаннан басқа мемлекеттермен де келіссөз жүргізіліп жатқанын айтқан, дегенімен қай елдер екенін нақтыламаған.

Соғысқа дейін ресейлік әуе компаниялардың әуе паркі 850 ұшақтан тұрған. Алайда Oliver Wyman консалтинг компаниясы 2023 жылдың басында лайнерлер қатары 736-ға дейін қысқарғанын мәлімдеген.

Компания болжамына сәйкес Ресейге батыстан ұшақ пен қосалқы бөлшектерді жеткізуге тыйым салынуы санкциялар салдарынан елдегі ұшақ саны 2026 жылға қарай екі есе азаюы мүмкін.

Пікірлер