100 млн теңгеге Бишімбаевтың жазасын жеңілдетпек болған адамның соты басталды

1119
Adyrna.kz Telegram
Фото: dzen.ru
Фото: dzen.ru

Елорда соты Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін сотталған Қуандық Бишімбаевтың жазасын жеңілдету үшін 100 миллион теңгеге көмектесуді ұсынған адамға қатысты тергеу ісі басталғаны анықталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Маусым айында елорда тұрғыны әйелін өлтіргені үшін сотталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың үкімін жеңілдету сылтауымен алдау арқылы 100 миллион теңге иеленді деп күдікке ілінді.

24 жылға сотталған экс-министрдің адвокаттары оқиғаның егжей-тегжейін айтып, күдікті жасанды ақшаны алу кезінде ұсталғанын хабарлады.

Кейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Бишімбаевтың туыстарының өтініші бойынша әйелге қатысты тергеуді бастады. Биылғы тамызда Астана тұрғынына қатысты істі тергеу аяқталды.

17 қазан күні Астана сотында жарыссөз басталды.

Айта кетейік, 13 мамыр күні Бишімбаевты 24 жылға барынша қауіпсіздігі жоғары (қатаң режимдегi түзеу колониясы) түрмеге қамау туралы шешім шығарылғаны айтылған еді.

Пікірлер