Пәкістандық туристер елден мәжбүрлі түрде шығарылды

1468
Adyrna.kz Telegram
Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz

Астананың тәртіп сақшылары Пәкістаннан келген туристерді Қазақстаннан мәжбүрлі түрде шығарды. Бұл туралы Polisia.kz мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мәлімет бойынша, жедел-профилактикалық іс-шара барысында көші-қон қызметінің қызметкерлері көші-қон заңнамасын бұзған Пәкістанның бес азаматын анықтады. Шетелдіктердің елорда аумағына туристік виза арқылы кіргені және белгіленген мерзімде елден шықпағаны белгілі болды.

“Мигранттар Қазақстаннан күштеп шығарылды. Сақшылар туристерді әуе рейсімен Пәкістанға жіберді”, – делінген ақпаратта.

Астана қаласының полиция департаменті көшелер мен қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, заңсыз көші-қонды анықтау және жолын кесу мақсатында 14-18 қазан аралығында жедел-профилактикалық іс-шара өткізіп жатыр. Шара басталғаннан бері тәртіп сақшылары көші-қон заңнамасын бұзған 217 шетелдік пен 27 ҚР азаматын анықтады. Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 23 шетел азаматы елден шығарылды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Пікірлер