Ардақ Назаров Әлия Назарбаеваның оққағары болмағанын айтты

173
Adyrna.kz Telegram
Фото: Мәжіліс баспасөз қызметі
Фото: Мәжіліс баспасөз қызметі

Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаеваның оққағары болғанын жоққа шығарды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Баспасөз беттерінде, желіде қазіргі депутаттың бұрын спортшы кезінде Әлия Назарбаеваны қорғағаны жиі жазылады

«Мен Назарбаевтың отбасынан ешкіммен байланысқан емеспін. Нұрсұлтан Назарбаевтың өзімен де кездескен емеспін. Әлияның атын естігенім болмаса, оққағары болмағанмын. Өздеріңіз білетіндей, 10 жыл кәсіби спортшы ретінде спортзалда жүрдім. Шетелде жарыстарға қатыстым. Сол кездегі ақпараттарда «оққағары» деп жазылған. Алайда ондай жұмыс істемегенмін», - дейді Ардақ Назаров.

Мәжіліс депутаты өзін ережесіз жекпе-жектен әлемнің үш дүркін чемпионы деп таныстырады.

Пікірлер