Черчесовтің бапкерлігі. Қазақстанның футбол құрамасы ФИФА рейтингінде 109 орында

292
Adyrna.kz Telegram

Ресейден келген Станислав Черчесовтың бапкерлігімен өткен ресми матчтарда Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы аясында төрт ресми ойын өткізіп, ФИФА-ның әлемдік рейтингінде 109 орынды алды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Сонымен, қазақстандықтар Норвегияға қарсы бірінші ойында қақпасын таза сақтап, тең ойнаса, Словениямен кездесуде 3:0 есебімен жеңіліспен аяқтады.

Сондай-ақ, Австриямен кездесу де жеңіліспен аяқталды – 4 :0. Ал Словениямен қарымта матчта қақпаны бұзбады – 0:1 есебімен жеңді. Дегенмен, дәл осы кездесуден кейін, ресейлік маманның қатысуымен тағы бір жанжал шықты.

Айта кетейік, Қазақстан қазір ФИФА-ның әлемдік рейтингінде 109-шы орында. Бұл рейтингте Украина - 24 орында, Ресей – 34, Өзбекстан – 60, Грузия – 66, Армения – 96, Беларусь – 97, Тәжікстан – 103, Қырғызстан – 106 орында.

Дегенмен, Қазақстан рейтингте Танзания, Солтүстік Корея, тіпті Мавританиядан да озық тұр.

Қазақстан футбол федерациясының басшысы Әділет Барменқұловтың айтуынша, Черчесов басқаратын Қазақстан футбол командасының қазіргі нәтижелері осындай.

Еске салайық, бұған дейін Черчесов қазақстандық журналистің мемлекеттік тілде қойған сауалына: «Сіз қазір французша сөйледіңіз бе?» деген сұрақпен жауап берген болатын. Ресейлік маманның мәлімдемесі Қазақстан халқының ашу-ызасын тудырды.

Сонымен қатар, оның мұндай мәлімдеме жасауы бірінші рет емес. 15 қазанда Туризм және спорт министрлігі ҚФФ-дан Черчесовтың қазақ тіліндегі сұраққа қатысты мәлімдемесіне қатысты түсініктеме талап етті.

Айта кетейік, маусым айында Черчесов Қазақстан футбол құрамасының жаттықтырушысы болып тағайындалғаннан кейін ҚФФ атқару комитетінен сегіз адам кеткен болатын.

Пікірлер