Экономика саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары белгілі болды

419
Adyrna.kz Telegram

Түрік профессоры Дарон Аджемоглу мен британдық ғалымдар Саймон Джонсон және Джеймс Робинсон 2024 жылғы экономика саласындағы Нобель сыйлығының иегерлері атанды. Олар мемлекеттік институттардың елдің өркендеуі үшін қаншалықты маңызды екенін көрсетті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Заң үстемдігі нашар қоғам мен халықты қанаушы институттар экономикалық өсуді немесе оң өзгерістерді қамтамасыз ете алмайды. Бұл ғалымдардың зерттеулері мұның неліктен болатынын жақсырақ түсінуге көмектеседі»,—деді Швеция ғылым академиясы.

Түркиялық зерттеуші Дарон Аджемоглу Нобель сыйлығынан кейінгі баспасөз мәслихатында демократияны қолдайтын топтар жинаған деректер әлемнің түкпір-түкпіріндегі қоғамдық институттар мен заң үстемдігінің әлсірегенін көрсетеді деген мәлімдеме жасады.

Еске салайық, 2023 жылғы экономика бойынша Нобель сыйлығын Гарвард университетінің америкалық профессоры Клаудиа Голдин жұмыс күшіндегі әйелдердің орны туралы еңбегі үшін жеңіп алған болатын.

Пікірлер