Дәурен Қуат жаңа қызметке тағайындалды

215
Adyrna.kz Telegram

Белгілі жазушы, журналист Дәурен Қуат «Жұлдыз» журналының бас редакторы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бұған дейін ол «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы болған еді.

«Аттай алты жыл, төрт ай төріне оздырған «Қазақ әдебиеті»  газетін Бауыржан Жақып ағама аманат етіп, төрағамыз Мереке Құлкеновтің пәрменімен «Жұлдыз» журналына бас редактор болып тағайындалдым. «Қазақ әдебиетіне», қадірменді ұжымға алғаусыз алғысым шексіз. Бірге болдық, алтын арқалап, жантақты «азық» қылсақ та, әдеби апталықтың мазмұнды, көркем болып шығуына барымызды салдық. Жаңа бір әредікте шағала құстай шарқ ұрып, тыным таппай еңбек еткен шағын ұжымдағы  шырақтарымның көздерінен қимастық көргенде іштей толқыдым. Бірақ адам өміріне өзгеріс жасап тұруы керек. Бұл - бір. Екіншіден, апталықтың «арбасына»жегіліп жүріп жеке шығармашылығымды ұмытып бара жатқанымды ойласам, ішім қалтырап кетеді. Осы жайымды айтып Мерағама - Мереке ағама өтініш қылдым. Ол кісі өтінішімді қабыл алып, «Жұлдыз» журналына ауыстырды»,—деп жазды қоғам қайраткері әлеуметтік желідегі парақшасында.

Дәурен Қуат – 1973 жылы бұрынғы Талдықорған облысы, Қапал ауданы, Ащыбұлақ ауылында дүниеге келген. М. Қашқари атындағы және Ғ. Мүсірепов атындағы сыйлықтардың лауреаты. «Дәстүр» баспасынан «Әлқисса» атты прозалық кітабы жарық көрген.

Пікірлер