Путинді Астанадан құттықтаған Қазақстан президенті Мәскеуге бара ма?

302
Adyrna.kz Telegram
Сурет: Ақорданың баспасөз қызметі
Сурет: Ақорданың баспасөз қызметі

7-8 қазан күндері Ресей астанасы Мәскеуде ТМД елдері басшыларының кезекті кеңесі өтеді. Көшбасшылар ТМД шеңберіндегі өзара іс-қимыл туралы пікір алмасып, 2025 жылы ұйымға кімнің төрағалық ететінін анықтайды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі 24.kg-ге сілтеме жасап.

Мемлекет басшылары алдағы 3 жылға Достастықтың мәдени астаналарын жариялау туралы шешімге қол қойып, құқықтық өзара іс-қимыл мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты бірқатар құжатқа түзету енгізбек.

Бұл кездесу Ресей президенті Владимир Путиннің туған күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Бүгін көрші ел басшысы 72 жасқа толды.  Әзірге Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан президенттері Мәскеуге барды. Сондай-ақ кездесуге Қазақстан, Әзірбайжан, Түрікменстан, Армения мен Беларусь басшылары да қатысады деп күтіліп отыр.

«Еж» Telegram арнасы бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың  АЭС құрылысы бойынша референдум нәтижелеріне баса назар аударатынын мәлімдеді.

«Мемлекет басшысы референдум қорытындысын шығарып, Қазақстан халқына үндеу жасамақ. Күн тәртібінде жұмыс сапарымен Ресейге бару жоспары жоқ. Алайда ситуацияға байланысты шешім ертең қабылданады»,—деп жазды арна Қазақстан президенті әкімшілігіндегі дереккөзге сілтеме жасап.

Ақорданың баспасөз қызметі Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгін Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге құттықтау жеделхатын жолдағанын хабарлады.

Пікірлер