Қазақстандағы сайлау учаскелері жұмысын аяқтады

133
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандағы барлық учаскелер сағат 20:00-де жабылды, деп хабарлайды  «Адырна» ұлттық порталы.

Сағат 18:00-де референдумға елімізде 7 537 675 адам дауыс берді. Келушілер саны 61,56 пайызды құрады. Дауыс берушілер саны бойынша көшбасшылардың үштігіне Қызылорда облысы - 79,87 пайыз, Түркістан облысы - 74,23 пайыз, ШҚО - 72,58 пайыз кірді.

Бұған дейін СІМ басшысының орынбасары Роман Василенко шет елдердегі учаскелерде дауыс беру бойынша алдын ала деректерді айтқан болатын. Оның айтуынша, шетелде референдумның 13 учаскелік комиссиясы жұмысын аяқтап, 7358-ден астам Қазақстан азаматы дауыс берді.

Қазақстаннан тыс жерлерде 60 учаске жұмысын жалғастыруда. Атап айтқанда, Орталық Азия, Таяу және Таяу Шығыс, Еуропа, Оңтүстік Америка және АҚШ елдерінде. Референдум учаскелері Вашингтон, Нью-Йорк, Сан-Франциско, Оттава және Бразилия қалаларында жұмыс істей бастады. Сан-Францискодағы тағы бір сайлау учаске Астана уақыты бойынша сағат 20:00-де ашылды.

ОРК референдумға халықтың қатысу белсенділігі бойынша алдын ала мәліметті сағат 21.00-де жариялайды.

 

Пікірлер