Димаш Құдайбергеннің ұстазы референдумда дауыс берді

104
Adyrna.kz Telegram

Аты әлемге әйгілі болған жерлесіміз Димаш Құдайбергеннің ұстазы Марат Әйтімов Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша референдумда өз таңдауын жасады. Бұл туралы ол өз Instagram парақшасында жариялады.

«Дауыс беруге қатысу - біздің азаматтық жауапкершілігімздің айқын көрсеткіші. Сондықтан отандастарымды дауыс беруге шақырамын. Мен өз таңдауымды жасадым», - деп жазды М.Әйтімов.

Бұған дейін, Орталық сайлау комиссиясы Қазақстандағы АЭС бойынша референдум орындалды деп саналатынын хабарлады. 14:00-дегі жағдай бойынша дауыс бергендердің саны 51,77 процентті құраған.

Пікірлер