Кәсіпкерлер кедей шаруаларға кесірін тигізуде

3159
Adyrna.kz Telegram

ЕЛДЕН ХАБАР !

Биылғы көктем жауын шашынды болды. Егін бітік шықты. Қазақтың жалпақ тілімен айтқанда тынып қалды. Бірақ соны оратын техника тапшы. Арпа бидайдың орып жиып алар уақыты өтіп кетсе де əлі күнге орылмай жатқан егіс алқаптары бар. Маңсарының пісетін кез жетті. Арпа бидай толығымен орылып бітпей жатып Комбайндар маңсары оруға кірісіп кетті. Техниканың бəрі жеке меншік, оның өзі аз. Бұрынғыдай колхоз совхоздар жоқ!
Биыл жем шөп бітік шыққанымен бағасы арзандаған жоқ, шарықтап тұр. Оның себебі анау мыңдап бордақы байлайтын фермерлердің əсері. Кəсіпкер атанып алған солар жем шөптің бағасына қарамай жиып алатын болды. Соның əсерінен былайғы шаруа халыққа мал ұстау тиімсіз болып барады. Ал сол фермерлер (кəсіпкерлер) онсызда үкіметтен субсидия алып отыр. Субсидияны қайтарымсыз жеп кетерге берілетін ақша деп айтады біздің жақта. Қарапайым шаруаның өзінде техникасы болмағасын өзіне тиеселі азын аулақ жерді игеруі қиын, қымбатқа түседі, кеткен шығыны өзін ақтамайды. Қарап тұрсаң, біздің өкімет саясаты байлар байып кете берсін, кедей кедейленіп қала берсін дегені сияқты. Мұны мен ғана емес ел іші түгел біліп алған, айтып та жүр! Ел ішіндегі дəл осындай мəселелерді біздің Шөкеев мырза Комбайнға мінген кезде білді ма екен?! Əй қайдам ау.. Себебі ол кісі төңірегінде қолпаштап жүрген кəсіпкерлерге қарап халықтың жағдайын жақсы деп түсінген болар...
Сонымен, биылғы егін бітік шыққанымен Арпа бидай килосы 75-80 теңге, Кебектің килосы 60-65 тг. Шроттың килосы 110 тг. Жоңыршқа престің бір данасы 450 - 500 теңгеден болып тұр. Фермердің мал басы өсіп жатқанымен, былайғы қара халықтың қолында ұстап отырған мал басы саны жылдан жылға кеміп барады!
Ал, Қазақстанда фермер көп пе, Қара халық көп пе?! Есебіне өзіңіз жате беріңіз..☝️
Сіз жақта жем шөп бағасы қандай..?!

Алкайдар ЛАШКЕРҰЛЫ

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер