Астанада ер адам әйелін ұрып-соққан. Артынша өзі оныншы қабаттан секіріп кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Ақпаратты Астана қалалық полиция департаменті растады. Оқиға 1 қазан күні сағат 23:36-да болған.
Белгілі болғандай жұбайлар арасында жанжал туындағп, ер адам әйелін темір кілтпен ұрған.
"Полицияға өмір белгілері жоқ ер адамның табылғаны туралы хабар түсті. Тергеу барысында ерлі-зайыптылар арасында жанжал болғаны анықталды. Сол кезде ер адам әйеліне дене жарақатын салып, бұдан кейін тұрғын үйдің 10-қабатынан секіріп кеткен. Жәбірленуші әйел ауруханаға жатқызылды", – делінген хабарламада.
Қайғылы жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды.