Астанада 30 жастағы әйел өз анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Полиция департаментінің мәліметінше, қаладағы пәтерлердің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар егде жастағы әйелдің мәйіті табылған.
"Қылмыс жасады деген күдікпен марқұмның 30 жастағы қызы анықталып, ұсталды. Алдын ала мәлімет бойынша, олардың арасында жанжал туындап, ол ұрысқа ұласқан. Сол сәтте күдікті анасын пышақпен жаралаған", – делінген полиция хабарламасында.
Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.
Ұқсас жаңалықтар