Шымкентте жемқорлық туралы хабарлағандар 9 миллион теңге сыйақы алған

1020
Adyrna.kz Telegram
Шымкентте сыбайлас жемқорлық әрекеттері туралы құзырлы органдарға дер кезінде хабарлағандарға сыйақы берілген, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Жемқорлықтың алдын алған 5 азаматқа 9 миллион теңгеге жуық сыйақы ұлестірілді. Мамандардың айтуынша, жемқорлықпен күресте қала тұрғындары жыл өткен сайын белсенділік танытып келеді.

Айта кетейік, жемқорлық туралы хабарлаған азаматтарға сыйақы мөлшері пара сомасының 10 пайызын құрайды.

Көтермелеу қаржысы кінәлілерге сот үкімі шығарылғаннан кейін берілетін болады.

Пікірлер