Учаскелік полицейдің “мұрты” 185 мың теңгеге түсті

1995
Adyrna.kz Telegram
Фото: Бейнеден скрин
Фото: Бейнеден скрин

Қостанайда учаскелік полиция инспекторының плакатына балағат сөздер жазған қызға ірі көлемде айыппұл салынды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ұлысмедиаға сілтеп.

Полиция дерегінше, оқиға Қостанайдағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. Бейнебақылау камерасына түсіп қалған видеодан екі қыздың лифтке кіргенін байқауға болады. Кейіннен бейнеге қыздардың бірінің учаскелік полицейдің тұрғындарға ақпараттандыру үшін жапсырған плакатына маркермен сурет салғанын көруге болады.

"Видео арқылы құқықбұзушы тез анықталды. Қыз баланың құқық қорғау органдарында есепте тұрғаны белгілі болды. Ол бұрын ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Бұл жағдайда қыздың қоғамдық орынды ластауы ұсақ бұзақылық ретінде қарастырылады", – делінген полиция хабарламасында.

Құзырлы орган бойжеткенге ұсақ бұзақылығы үшін шамамен 185 мың теңге көлемінде айыппұл салынғанын хабарлады.

Пікірлер