Таразда көшелерге жарық шамдар орнатылуда

309
Adyrna.kz Telegram

Тараз қаласының тұрғындары тарапынан жиі көтерілетін тақырыптың бірі – жарықтандыру мәселесі. Көшелердің бойына орнатылған жарықтандыру шамдары шаһар мәдениеті мен көркінің ажырамас бөлігі болып есептеледі. Жарық жүйесі тіптен іңір қараңғылығы түскенде іске қосылып, жолаушыға жол сілтеп, мектептен қайтқан оқушыларға барар жолын көрсетіп қана қоймай, түнгі уақытта адамдар қауіпсіздігіне де қорған болады.

Осыны ескере отырып, 2024-2025 жылдары Тараз қаласында орналасқан 76 көшені жарықтандыру жоспарланған болатын. Соған орай мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесінде жеңімпаз компаниялар анықталып, бүгінде тиісті жұмыстар басталды.
Атап айтқанда, «Ленон» ЖШС мердігерлігімен Алатау (Әбілсейт Айқанов) 1-бұрылысы, Алатау, Тонкурш (Қасым Аманжолов), Мәмбет батыр тұйығы, Мәмбет батыр көшесінің 1, 2-ші бұрылыстары, Көктөбе. Шусев, Алатау, 2-ші бұрылысы, Жолбарысхан, Волков, Айналма жол (Мәмбет батыр көшесінен айналма жолға дейін), Қажымұқан, Асимов, Колцевая өткелі, Алатау тұйығы, Барбол, Гидрокомплекс көшелерінде жарықтандыру жұмыстары қолға алынды.

Сондай-ақ «Пырақ құрылыс» ЖШС Набережная, Үмбетбаев, Шаттық, Ниязбетов, Речная, Алмалы, Тілеміс ақын көшесінен Ниязымбетов көшесіне дейін, Сауытбек ақын көшесінен Тілеміс ақын көшесіне дейін аралықта тиісті жұмыстарды істейтін болады. Сондай-ақ «Invest Kapital Stroy» ЖШС Қостанай көшесі (Талдықорған көшесінен өткелге дейін), Тараз, Қостанай, 1-бұрылыс Қостанай (Целиноград көшісінен Талдықорған көшесіне дейін), Қостанай тұйығы, Қостанай көшесінің, 2, 3 бұрылыстарының самаладай жарқырауына үлес қоспақ.

Осы ретте айта кетерлігі, қаржы тетігі табылып жатса, «Орман» алқабындағы Ақыртас, Көктерек, Ақбота, Аяулы, Менлибаев, Акбозов көшелері, №1 округ бойынша Төле би, Махамбет батыр, Крупская, Автомобильный 3-бұрылысы (Тәуке хан көшесінен Төле би көшесіне дейін), Сүлейменов көшесінің аяғынан бағдаршамға дейін, №3 аумақ бойынша ІТ-лицейге барар жол, Апатаев, Көшеней 3-бұрылысы, Сухамбаев, Көшеней, Ярошбаев, Қасымбеков, Рахмати көшелері, №4 округ бойынша Наурызбай батыр, Ақжол, Бурненская, Жауғаш батыр, Б. Момышұлы, 1-бұрылысы, Черняховского, Демисинов, Привокзалная көшелері, №9 аумақ бойынша Фресно, 5, 8, 9, 11 бұрылыстары, Некрасов, Байгазиев, «Бәйтерек» ықшамауданы (13), Байзақ батыр көшесінен «Құмшағал» өткелі және Әшімбаев көшесіне дейін, №10 аумақ бойынша Масанчи, Байтұрсынов, Матросов, Чкалов, Райымбек батыр, Шаумяна 1, 2 бұрылыстары, Ұлтанбаев, Абылайхан 5-бұрылысы, Мөңке би, Курчатов, Тажибаев, Қожаберген жырау көшелері де түнгі жарық шамдарының игілігін көрмек.

Жалпы, көне шаһарда көшелерді жарықтандыруға айрықша көңіл бөлінуде. Айталық, 2023 жылы қаладағы 83 көшеге түнгі жарық шамдары орнатылған болатын. Сонымен қатар Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің тапсырмасымен ықшамаудандардың кіреберіс жолдары мен аулалары да толығымен түнгі жарықпен қамтамасыз етіліп отыр.

Пікірлер