«Көлсай көлдері» аумағында 9 туристік соқпақ пен маршруттар туристерге қызмет көрсетеді

731
Adyrna.kz Telegram
Сурет: kolsaytur.kz
Сурет: kolsaytur.kz

«Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында 9 туристік соқпақтар мен маршруттар туристерге қызмет көрсетеді.

Олар: №1 «Саты ауылы-Қайынды көлі»  11 км

№2 «Саты ауылы-Саты асуы» 23 км

№3 «Төменгі Көлсай көлі-Сарыбұлақ асуы» 18 км

№4  «Күрметі ауылы-ортаңғы Көлсай көлі» 17 км

№5  «Күрметі ауылы-Қыземшек тауы» 24,3 км

№6  «Кіші Өрікті сайы-Мәжі көлі» 6 км

№7 «Төменгі Көлсай көлі» 3,5 км

№ 8 «Таңбалы тас» 1 км

№9 «Алғабас ауылы – Суықтоғай шатқалы» 4,5 км

 Аталған бағыттардың ішінде №1 «Саты ауылы-Қайынды көлі», №3 «Төменгі Көлсай көлі-Сарыбұлақ асуы»  туристік маршруттары жыл бойы демалушыларды қабылдайды.

Ұлттық парк аумағына 2024 жылы қыркүйек айының соғына  дейін 324647 демалушылар келген.   Туристердің демалуына қолайлы жағдай жасау мақсатында «Саты ауылы-Қайынды көлі», «Саты ауылы-Саты асуы», «Төменгі Көлсай көлі-Сарыбұлақ асуы», «Төменгі Көлсай көлі» 3,5 км

туристік бағыттары толық абаттандырылған. Ұлттық парк аумағындағы тазалықты сақтау мақсатында арнайы есеп шоттан 12 күл қоқыс жинаушы жұмысқа алынған. Күнделікті парк аумағында  тазалық жұмыстары жүргізіледі. Туристік маршруттардың тазалығын сақтау мақсатында жыл басынан 17 экологиялық акция өткізіліп, оған 2283  адам қатысқан.  Жылдың басынан қазіргі уақытқа дейін парк аумағынан  80 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жағдайына бақылау  жүргізу мақсатында 25.09.2024 жылы Кеген ауданы табиғат қорғау инспекторы мен ұлттық парк инпекторлары білесіп  Төменгі Көлсай көлінде рейдттік шара  жүргізді. Рейд барысында келген демалушыларға тазалықты сақтау шаралары есекертіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. «Төменгі Көлсай көлі-Сарыбұлақ асуы»» туристік бағытында 27 қыркүйекте Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясымен бірлесіп, рейдтік іс-шара жүргізілді. Рейдтік іс-шара барысында профилактикалық жұмыстар атқарылды. Парк қызметкерлері үнемі келуші туристер мен жергілікті халық арасында экологиялық мәдениет деңгейін көтеру мақсатында,  түрлі табиғатты қорғауға бағытталған экологиялық акциялар өткізеді және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу ережесімен таныстырып, түсіндірме жұмыстары үздіксіз жүргізіледі.

Пікірлер