Ақтауда әскери қызметкердің суицид жасағаны айтылды

1089
Adyrna.kz Telegram
Сурет: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Сурет: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

Қорғаныс министрлігіне қарайтын Ақтау гарнизонында келісімшарт бойынша қызмет ететін 39 жастағы әскери қызметкер өзіне қол жұмсауы мүмкін. Бұл туралы Ақтау гарнизонының баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қайғылы оқиға 28 қыркүйекте болған.

«Алдын ала мәлімет бойынша, келісімшартпен қызмет атқарушы әскери қызметкер отбасылық-тұрмыстық жанжалдың салдарынан өз-өзіне қол жұмсаған. Себептері мен мән-жайлары анықталып жатыр. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды»,–делінген хабарламада.

Әскери қызметкер шамамен бір жыл бойы бала күтімі бойынша декреттік демалыста болған.

Еске салайық, 19 қыркүйекте Қорғаныс министрлігіне қарайтын Аягөз гарнизонында офицер суицид жасаған еді.

Пікірлер