Сот Қуандық Бишімбаевты ата-ана құқығынан айырмады

686
Adyrna.kz Telegram
Фото: dzen.ru
Фото: dzen.ru

Сот экс-министр Қуандық Бишімбаевты ата-ана құқығынан айыруға негіз жоқ деп танылды. Бұл туралы Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы жұбайы Назым Қахарман айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұған Назым Қаһарман Бишімбаевты ата-аналық құқығынан айырғысы келген еді.

«Азаматтық некеде болғандықтан, Салтанат балалардың отбасы мүшесі саналмайды екен. Ал сот заң бойынша ата-ана құқығынан тек отбасы мүшесін өлтірген жағдайда айырады деп түсіндірді», — деді Назым.

Естеріңізге сала кетейік, экс-министр Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды. Қуандық Бишімбаев пен Назым Қахарманның ортақ 3 баласы бар.

Пікірлер