Молдовада кремлшіл жеті веб-сайт бұғатталды

726
Adyrna.kz Telegram
Фото: pixabay / fancycrave1
Фото: pixabay / fancycrave1

Молдовада «РИА Новости» мен «Независимая газета» сайттары, сондай-ақ Қырымды оккупациялаушы билікпен байланысты интернет-ресурстар бұғатталды. Молдованың еуроинтеграциясына қарсылардың сайты да бұғатталды. Бұл туралы DW сайты жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Молдованың Ақпарат және қауіпсіздік қызметі (АХС) елдің ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіретінін айтып, елдегі жеті веб-сайтты бұғаттау туралы бұйрық берді. Олардың талабы Молдова интернет-провайдерлеріне 25 қыркүйекте жіберілді.

Ресейдің мемлекеттік ақпарат агенттігі «РИА Новости» мен ресейлік «Независимая газета» сайттары бұғатталды. Сонымен қатар, Молдова қолданушыларының Мәскеу құрған Қырым «мемлекеттік кеңесінің», «Қырым газетінің» және «Crimea24» телеарнасының сайттарына кіруіне тыйым салынбақ.

Жетінші бұғатталған ресурс - «Nu Nu Acum» («Жоқ. Қазір емес») қозғалысының сайты, ол Молдова азаматтарын елдің Еуропалық Одаққа кіруіне қарсы дауыс беруге шақырады. Бұл мәселе бойынша референдум 20 қазанда Молдовадағы президент сайлауында дауыс берумен қатар өтуі тиіс.

Пікірлер